ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін белгілейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдау 2 мамырдан 7 қазанға дейін, Конкурстың өзін өткізу 16 мамырдан 30 қарашаға дейін белгіленді.
Бұдан басқа, құжатта 2022 жылға арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуға болатын мамандықтар тізбесі ұсынылған.
Атап айтқанда, оған мыналар кірді:
Сандық экономика. Сандық маркетинг. Инновациялық менеджмент. Технологиялар менеджменті. Үлкен деректерді талдау. Салалар бойынша болжамды талдау. Ақпараттық (кибер) қауіпсіздік және криптография. Кәсіпкерлік. Әлеуметтік кәсіпкерлік. Робототехника. Медиатехнология. Сандық медиа. Сервистік платформаларды әзірлеу. Көрнекі мазмұнды жобалау. Қаржылық технологиялар және тағы басқалар.Бұйрық жобасы 7 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.