Лондондық «Челси» футбол клубының бас бапкері Томас Тухель Мадридтің «Реал» футбол клубын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Sport.es-ке сілтеме жасап.
Дереккөз келтірген мәліметке сенсек, корольдік клубтың басшылары Карло Анчелоттиді жұмыстан босату туралы нақты шешім қабылдамаған. Егер Анчелотти команданың бас бапкері ретінде осы маусымда бірнеше додада топ жарса, орнында қалады. Ал «Реал» жүлдесіз қалса, орнына Томас Тухель келуі ықтимал.