• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Наурыз, 2022

Борис Джонсон Еуро-2028 додасын Украинада өткізуді ұсынды

151 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсон футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионатын Украинада өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы The Guardian басылымы ақпарат таратты. Саясаткер мұндай пікірді Ресей елі Еуропа чемпионатын өткізуге ниет білдіргеннен кейін айтқан.  

«Ресейдің қандай да бір спорттық немесе мәдени іс-шараны ұйымдастыру туралы ұсынысы сатирадан да асып түседі. Мен олардың ұсынысын қандай да бір ұйым байсалды түрде қабылдайды дегенге мүлде сенбеймін. Одан да олар кез-келген бір жарыстың, айталық Еуропа чемпионатының Украинада өтуіне ниеттес болғаны дұрыс», депті ол басылымға берген сұхбатында.