• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Наурыз, 2022

Қазақстан елшісі Бангладеш Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

232 рет
көрсетілді

Қазақстанның Үндістандағы және Бангладеш Халық Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы Нұрлан Жалғасбаев Бангладеш Президенті Абдул Хамидке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бангабхабан» президенттік сарайында өткен сұхбат барысында Н.Жалғасбаев Бангладеш басшысы мен халқына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.

Сонымен қатар елші БХР Президентін Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып өтті.

Тараптар АӨСШК және ИЫҰ шеңберіндегі өзара ықпалдастықты қоса алғанда, екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары туралы пікір алмасты. А.Хамид Қазақстан сыртқы саясатының басымдықтары және елімізде жүргізіліп жатқан ішкі саяси және экономикалық өзгерістермен хабардар болды.