Танымал медиаменеджер, журналист Батыр Кәкімжанұлы Қазыбаев 53 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрнекті журналист, жазушы Кәкімбек Қазыбаев пен белгілі ұстаз Орынша Қарабалина-Қазыбаеваның шаңырағында 1969 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген ол әке жолын қуып, отандық журналистика саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Батыр Кәкімжанұлы бірқатар телеарнаны, бірнеше радиостансаны, газеттер мен веб-порталдарды біріктіретін медиахолдингті 10 жылдан астам басқарып, өзін білікті медиаменеджер ретінде көрсете білді.
2017 жылы Қазақстан Медиа Альянсының құрылтайшыларының бірі әрі Басқарма мүшесі болды.
Ол негізін қалған телеарна, радиостансалар, интернет-жобалар әлі күнге дейін табысты жұмыс істеп тұр.
Батыр Қазыбаев ұзаққа созылған сырқатынан қайтыс болды.