• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2022

Қоңыр аюды қорғайық

656 рет
көрсетілді

Зоология институты ғалымдарының деректері бойынша, Іле Алатауы ұлттық паркінің аумағында мемлекет қорғауына алынған Тянь-Шань қоңыр аюы мекендейді.

Іле Алатауы ұлттық паркі, Зоология институты және Аю­сай визит-орталығының ұйым­дастыруымен өткен «Тянь-Шань қоңыр аюы» апталығы аясында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жыртқышты қорғаудың маңызы мен оның тіршілік ету аумағы жоғары оқу орындары студенттері, мектеп оқушылары мен бұқаралық коммуникация өкілдеріне таныстырылды. Бү­гінде бұл аумақта 70-ке жуық ақ тырнақты жыртқыш тіршілік етеді.

Фототұзақтардағы кадр­лар, қоңыр аюдың ізі түскен аумақты барлау, еліміздің жетекші терио­логтерімен тау тағысы жайында пікірлесу қатысушылар үшін қызықты ақпараттарға толы болды. Зоология институты Те­риология зертханасының ғылы­ми қызметкері, Халықаралық аюлар жөніндегі мамандар ассо­циациясының мүшесі, экология магистрі Санжар Қаңтарбаев қоңыр аю мекендейтін Іле Ала­тауы­ның ерекшеліктері туралы айтып берді.

С.Қаңтарбаевтың айтуынша, Аюсай шатқалында 2010 жылдан бергі аралықта көктемнен күзге дейін әр маусымда осы жыртқыштардың іздері мен өзге де белгілерін байқауға болады. Бүгінде елімізде аюдың екі түрі мекендейді. Бірі – сібір қоңыр аюы болса, екіншісі Тянь-Шань қоңыр аюы. Қазақстан мен шекаралас аймақтарда ақ тырнақты аю ХХ ғасырдың басында көбейгенімен, 70-жылдары саны күрт төмендеп кеткен. Соңғы жылдары зоолог мамандар және мемлекеттік инспекторлар күш-жігерінің нәтижесінде Іле Алатауының бөктерінде мекендейтін қоңыр аю көбейіп, соңғы бес жылдағы көрсеткіштер мамандарды қуантып келеді. Шатқалдың Аюсай аталуының да себебі осында болса керек.

Дегенмен, қала маңына үйір­сек жыртқыштан қауіп бар. Тау бөктеріне қалалықтар жиі серуен­ге шығатындықтан, аюдың адамға тосыннан тап беруі мүмкін екенін де жоққа шығармайды маман­дар. Сондықтан Аюсай визит-орталығының қызмет­кер­лері Зоология институты ма­ман­дарының ұсынысы бойынша шатқалдағы демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үшінші сарқырамадан жоғары көтерілмеуін қатаң ескертеді. Маман­дар атап өткендей, жануар­лардың тіршілігінен хабардар болу – қоршаған ортаға деген жанашырлықты, тау экожүйесін қорғау мен экологиялық мәдениет­ті дамытуға бағытталған ізгі қадам.

 

АЛМАТЫ