• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Наурыз, 2022

Үшеуі үшінші кезеңде

277 рет
көрсетілді

Қазақстанның төрт теннисшісі АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 8 584 055 долларды құрай­тын аса ірі халықаралық турнирде бақ сынауда.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы кезеңде бос болып, екіншісінде румы­ниялық Елена-Габриэла Руседен айласын асырды – 6:4, 7:5. Юлия Путинцева тұсаукесер кездесуінде германиялық Настасия-Мариана Шункті шаң қаптырып кетті – 4:6, 6:3, 6:1. Келесі айналымда ол украиналық Леся Цуренконы ұтты – 6:3, 4:6, 7:5. Ерлер арасындағы Қазақстанның ең үздік ойыншысы Александр Бублик те жарысты екінші кезеңнен бастап, колумбиялық Даниель-Элай Галанды қапы қалдырды – 6:7, 6:3, 6:4. Турнирдің алғашқы күні нидерландтық Ботик ван де Зандсхулпты 6:4, 6:4 есебімен оңай еңсерген Михаил Кукушкин іле-шала америкалық Тейлор Фрицпен күш сынасты. АТР рейтингінде 13-орында тұрған 23 жастағы АҚШ теннисшісіне жерлесіміздің әлі жетпеді – 3:6, 7:5, 3:6.

Кеше үшінші кезең ойындары басталды.