• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Футбол 28 Наурыз, 2022

36 жылдан кейін әлем чемпионатына қатысады

388 рет
көрсетілді

Канада құрамасы футболдан Катар елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Торонтодағы «BMO Филд» стадионында канадалық фанаттар үшін ақ түйенің қарны жарылды. Соңғы рет 1986 жылы өткен әлем чемпионатына қатысқан Канада құрамасы араға 36 жыл салып жаһандық додаға жолдама алды.

Шешуші ойында канадалықтар Ямайка құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл ойында канадалықтар сапынан Кайл Ларин, Тажон Бушанан, Дэвид Хойлет, Эдриан Мариаппа мергендігімен көзге түсті.