• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2014

БҰҰ экологиялық апатты болжады

602 рет
көрсетілді

БҰҰ жанындағы климаттың өзгеруін зерттейтін үкіметаралық мамандар тобы ғаламдық климат өзгеруінің салдары жөніндегі баяндамаларын жариялады. Бұл туралы Utro.ru хабарлады. Бүгінгі таңда таулардың басындағы мұздар еріп жатыр, ал бірқатар аймақтарда күннің ысуы мен өткінші жаңбырлар жиілей түсуде. Мамандардың айтуынша, климаттың өзгеруі маржан рифтері мен балықтың кейбір түрлерінің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. «Көп жағдайларда әлемнің климат өзгеруіне дайын емес екенін аңғаруға болады. Бұл қауіптің алдын алу үшін әрекет етуге мүмкіндік бар. Алайда, күн  қатты жылып кетсе жағдай қиындайды», – делінген зерттеудің баспасөз хабарламасында. Мамандар апаттың едәуір салдары 2020 жылы байқалады деп болжауда. Олар экологиялық апатқа қазірден бастап дайындалу керектігін алға тартады. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Utro.ru. Фото: Er.ru.