• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 28 Наурыз, 2022

Макгрегормен 10 рет кездессем 10 рет жеңемін – Колби Ковингтон

398 рет
көрсетілді

UFC-де жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген америкалық аралас жекпе-жек шебері Колби Ковингтон ирландиялық Конор Макгрегордың жаңа салмаққа ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Championat.com.-ға сілтеме жасап.

«Оның қаншалықты көп сөйлейтінін бәріміз жақсы білеміз. Конор түрлі қадамдарға бару арқылы өзін жақсы жарнамалайды. Расында да ол аралас жекпе-жекті мықты бизнеске айналдырған жақсы спортшы. Алайда жартылай орта салмақ дәрежесі – оның салмағы емес. Мәселен мен онымен 10 мәрте кездессем, 10 мәрте жеңемін. Сол секілді мықты жігіттердің барлығы да оны ойнақтап жүріп ұтатын болады», деді Колби Ковингтон өз ойымен бөлісіп.