• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаулысы № 729-V

265 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасын сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қаулы етеді: Депутат Жақыпов Қабиболла Қабенұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайлансын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары С.ДЬЯЧЕНКО. Астана, 2014 жылғы 3 сәуір. № 729 -V ПМ  

Қабиболла Қабенұлы ЖАҚЫПОВ

1949 жылы туған. Целиноград инженерлік-құ­рылыс институтын, Алматы Жоғары партия мекте­бін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. № 8 «Оралауылқұрылыс» тресінде еңбек жолын бастап, бас инженер, ПМК-811 бас­тығы қызметтерін атқарды. Содан соң «Оралкол­хоз­құрылыс» тресінің бас инженері болды. Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қаладағы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық ат­қару ко­митетінің төрағасы, Батыс Қазақстан облы­сы­ның әкімі қызметтерін атқарды. Көлік және коммуникациялар министрінің бі­рінші орынбасары, Премьер-Министр Кең­сесі Бас­шысының орынбасары – Үкіметтің Парла­менттегі өкілі болып тағайындалды. 2007 жылы Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланды. 2012 жылғы қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.