Қабиболла Қабенұлы ЖАҚЫПОВ
1949 жылы туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. № 8 «Оралауылқұрылыс» тресінде еңбек жолын бастап, бас инженер, ПМК-811 бастығы қызметтерін атқарды. Содан соң «Оралколхозқұрылыс» тресінің бас инженері болды. Орал қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қаладағы Ленин аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық атқару комитетінің төрағасы, Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды. Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Парламенттегі өкілі болып тағайындалды. 2007 жылы Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланды. 2012 жылғы қыркүйектен бері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.
•
04 Сәуір, 2014
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаулысы № 729-V
265 рет
көрсетілді