• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Наурыз, 2022

Үшеуі жарыса ұтылды

207 рет
көрсетілді

Алғашқы айналымдарда қарсы­ластарын қапы қалдырған үш жер­лесіміз де АҚШ-тың Майами қала­сында өтіп жатқан халықаралық тур­нир­дің бел ортасына жетпей сүрінді.

Кеше үшінші кезең ойындары өтті. Бұл межеде АТР рейтингінде 33-орынды иеленіп отырған Александр Бублик норвегиялық Каспер Руудпен күш сынасты. Небәрі бір сағатқа созылған сайыста әлемнің сегізінші ракеткасының үстемдігі еш күмән туғызған жоқ – 6:3, 6:2. WTA тізімінде 18-орынға жайғасқан Елене Рыбакина аталған рейтингте өзінен үш саты төмен тұрған америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасты. Бұл тартыс АҚШ өкілінің пайдасына шешілді – 6:3, 6:4. Еліміздің тағы бір белді теннисшісі Юлия Путинцева Паула Бадосамен кездесті. Қазіргі кезде испаниялық ойыншының қарқыны өте күшті. Былтыр Аустралияның ашық біріншілігі мен Уимблдонда төртінші кезеңге дейін жетіп, биыл Ролан Гарростың ширек финалына шыққан Бадоса сол табысының арқасында әлемдік рейтингте алтыншы орынға көтерілді. Бұл межеде Путинцеваны жолынан ығыстыру оған еш қиындық туғызған жоқ – 6:3, 6:2.