• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Футбол 29 Наурыз, 2022

Жоан Лапорта: Жастардан жасақталатын командамызға Месси керек емес

684 рет
көрсетілді

Испаниялық «Барселона» футбол клубының президенті Жоан Лапорта команданың бұрынғы жұлдызы, «ПСЖ» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессиді Каталонияға қайта шақыруға ниеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

«Өз басым Лионель Мессиден «Барселонаға» оралғысы келетіні туралы ешқандай хабарлама алған жоқпын. Қазіргі кезде біз Мессиді «Барселонаға» қайта шақыруға құлықты емеспіз. Өйткені бүгінде жастардан жасақталған команда жинап жатырмыз. Бұл жұмысымыз өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Леоның орны бөлек екені рас. Алайда біздің басқа жоспарымыз бар», дейді ол өз ойымен бөлісіп.