• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 29 Наурыз, 2022

Қазақ боксшысының жекпе-жегі екі жұлдызбен бағаланды

562 рет
көрсетілді

Он бесінші сәуір күні Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында ұйымдастырылатын бокс кешінде қазақ оғланы Сұлтан Зәуірбек кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген отандасымыз кезекті кездесуінде мальталық Хайтем Лаамузбен қолғап түйістіреді.

Бұл жекпе-жекте Сұлтан өзіне тиесілі WBO European белдігін қорғайды.

Жекпе-жектің рейтингін белгілейтін әйгілі BoxRec сайты бұл шайқасты екі жұлдызбен бағалапты. Уақыт өткен сайын рейтингі жақсы қарсыластармен кездесуге бекінген Сұлтанның бес жұлдызды боксшылармен жұдырықтасатын кезі алыс емес деп ойлаймыз.