Ұлттық ғарыш агенттігі 28 сәуір күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ тапсырысы бойынша жасалған «KazSat-3» үшінші байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін ұшыру жоспарланып отырғанын хабарлады.
Қазғарыш отандық үшінші байланыс спутнигін ұшыру байланыстың қазақстандық жүйесін құрудың келесі кезеңі екенін мәлімдеді. «KazSat-3» спутнигі телевизиялық хабар тарату, тиянақталған байланыс, интернет және деректерді беру қазақстандық нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған», деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.
«KazSat-3» спутнигін құру және ұшыру жобасы бойынша жұмыстарға келсек, ол «Академик М.Ф.Решетнёв атындағы ақпараттық спутниктік жүйелер» жетекші ресейлік ғарыш компаниясымен жасалған шарты аясында жүргізілуде. «KazSat-3» қазақстандық спутнигі 24 наурызда «Байқоңыр» ғарыш айлағына жеткізіліп, қазір 92А-50 монтаждау-сынау корпусында дайындықтан өтуде.
«Егемен-ақпарат».