• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2014

Президент Әкімшілігіне жоғары жауапкершілік жүктеледі

244 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы кездесу барысында Кәрім Мәсімовке Президент Әкімшілігі Бас­шы­сының қызметінде атқарған жұ­мысы үшін алғыс айтты. – Бұл шешім осындай күрделі кезеңде Үкімет жұмысына тың серпін беру үшін қабылданды. Біздің «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы аясында мақсаттарымыз бар және Үкімет оларға қол жет­кізу үшін жасалатын жұмысты жан­дандырғаны жөн. Бұл міндет жауапты әрі оңай емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Прези­денті өз Жарлығымен Әділбек Жақ­сыбековтің Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік хат­шысы лауазымына тағай­ын­далғанынан хабардар етті. – Мемлекеттік хатшы кең ау­қымдағы міндеттерді атқарады, ал Ә.Жақсыбековтің бұдан бұрынғы қызмет салаларында жинаған тәжірибесі мен білімі жаңа қызметіндегі міндеттерді шешуге айтарлықтай септігін тигізетін болады, – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан На­зарбаев Президент Әкімшілігінің Бас­шысы лауазымына Нұрлан Нығматулинді тағайындағаны ту­ралы мәлімдеп, оның өңірлік дең­­гейде де, орталық деңгейде де мол жұмыс тәжірибесі бар екенін атап өтті. – Өздеріңіз білетіндей, Пре­зи­денттің Әкімшілігіне жоға­ры жауапкершілік жүктелген, мем­лекеттік басқару жүйесі­нің тиімділігі сіздердің жұмыс­тары­ңызға байланысты. Сондай-ақ, Әкімшілік өңірлік және орталық атқарушы органдардың жұмысын үйлестіре отырып, қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын қадағалайтын негізгі бақылаушы орган болып саналады. Осыған байланысты негізгі міндет – ел азаматтарының мүд­десіне сай келетін бар­лық қа­жет­ті шешімдердің қабыл­да­нуын қам­тамасыз ету және жү­зеге асыру, – деді Қазақстан Президенті.