• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Наурыз, 2022

Төрт өңірдің бірнеше учаскесінде әлі жол жабық

227 рет
көрсетілді

Еліміздегі ауа райының күрт нашарлауы салдарынан Қазақстанның төрт өңірінде он екі жол учаскесі әлі ашылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Деректерге сенсек, Ақмола, ШҚО, Қарағанды және Қостанай облысында бірнеше жол бөлігі әлі күнге ашылмаған.

«Өңірлердегі тұрғындардың алыс жолға шықпағаны жөн. Ауа-райы болжамын ұдайы назарда ұстаған ләзім. Автокөлікпен қар құрсауында қалғандар болса, 1403 нөміріне хабарласқаны дұрыс», делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол қозғалысын реттеу мақсатында 1100 қызметкер мен 650 бірлік арнайы техниканы жұмылдырған.

Соңғы жаңалықтар