Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Райса Сағынованың айтуынша, облыс орталығында тұратын соғыс ардагерлерінің пәтерлерін жөндеуге қала бюджет қаражатынан 70 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініпті.
Яғни пәтерлерді жөндеу кезінде ардагерлердің немесе олардың туған-туыстарының барлық өтініш-тілектері ескеріледі. Жаңа құрылғылар, бөлмеаралық есіктер мен жаңа үлгідегі терезелер орнатылады. Өткен жылы да бюджет қаражатына 124 ардагердің пәтері жаңартылған болатын-ды. Сонымен қатар, 9 мамыр күні Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлері 127 мың теңге көлемінде материалдық көмек алады. Азық-түлік жиынтығы да ұйымдастырылып, таратылады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.