• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 31 Наурыз, 2022

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

148 рет
көрсетілді

31 наурызда Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

1 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

1 сәуір күні Оралда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

2022 жылдың 1-3 сәуірі аралығында ауа температурасының көтерілуіне байланысты Ақмола және Павлодар облыстарының өзендерінде қар еріп, мұз жұқарып, су деңгейі көтеріледі.

1 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүріп, тұман түседі, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда 1 сәуірде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

1 сәуірде түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.

1 сәуір күні Алакөл көлдері ауданында оңтүстіктік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

1 сәуірде Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанайда 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.