• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2022

Тәрбиелі бала – қоғамның жетістігі

661 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары қоғамды отба­сындағы, білім меке­меле­ріндегі әлім­жеттік, қарау­сыз қалған балалар тағды­ры алаңдатуда. Ел бола­шағына қауіп төндіріп отырған келеңсіз жайттармен күресуге мемлекет тарапынан қарекет жаса­лып жатқанымен, бала құқығына қатысты мәсе­ле­нің басы ашық қалып отыр.

Өткен жылы отбасы мүше­ле­рі­нің жауапкершілігін арттыру, бала тәрбиесін күшейту, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс­ты нығайту мақса­тын­да «Сенімен Болашақ» респуб­ли­ка­лық ата-аналар қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Жар­ты жылдан астам уақыт ішін­де 13 мыңнан астам ата-ананы игі іске жұмылдыра білген бірлестіктің Алматы қала­сын­­да да өкілдігі ашылып, қоғам қай­раткерлері, ұстаздар саналы ұр­пақ тәрбиелеу мәселесін тал­қы­лау үшін бас қосты.

Ұлттық кітапханада өткен жиынды бірлестік төрағасы Ра­қым­бек Жолаев ашып, өңір­лер­де ата-аналармен тығыз байланыс орнату мақсатындағы іс-шараларға тоқталып өтті.

Р.Жолаевтың айтуынша, тә­жіри­бе көрсеткендей, қоғамда ба­ла­ның болашағына алаңдайтын, білім саласына жанашыр, бел­сенді ата-аналар аз. Ал тоқсан пайызға жуығы бала тәрбиесін білім беру ұйымдарына ысырып қойғанды жөн көреді. Табыс табу, әлеуметтік мәселелерге бай­ланысты бала тәрбиесіне жет­кі­лікті көңіл бөле алмайтын отбасылар бар. Соның салдарынан буллинг, суицид, отба­сын­дағы агрессия сияқты қоғам өмі­ріне қауіпті жайттар белең алу­да.

Жиында «Сенімен Болашақ» рес­публикалық ата-аналар қо­ғам­дық бірлестігінің құрылтай­шы­сы Нұркен Асанов, Адам құқықтары жөніндегі заңгер, PhD Халида Әжіғұлова, тағы да басқа мамандар өзекті тақырыпқа орай ой бө­ліс­ті.

Көпшілікті сапалы тұлға тәр­бие­­с­іне қоғам болып атсалысуға ша­қыр­ған Сенат депутаты Дана Нұржігіт отбасындағы зорлық-зом­былықты, мектеп пен ата-ана­ның бала тәрбиесіндегі кемшін тұстарын сөз етті. Депутат буыны қатып үлгермеген балаларды ақ­параттық агрессиядан қорғау, тиімді диалог құру мәселесінің қо­ғам­да өткір тұрғандығын жет­кіз­ді.

Ал сенатор Динар Нөкетаева білім мен тәрбиені қатар алып жүргенде ғана нәтижелі іс бола­тынын жеткізді.

Бүгінде елімізде заманауи ба­ла­бақшалар, мектептер, оқу орын­дары жеткілікті. Алайда ба­ла­­ға тек сапалы білім ғана емес, тәр­бие де керек. Әл-Фараби айт­қан­дай, «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы».

Бала тәрбиесінде ведом­ст­во­лық органдардың әрқай­сы­сы өз ісіне жауапты болуы керек­ті­гін алға тартқан Парла­мент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова бала­лар­дың білімі мен тәрбиесі қоғам­ға ортақ міндет екенін атап өтіп, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі­нің жоға­ры екендігіне тоқ­тал­ды.

Алайда отбасындағы зорлық-зом­былыққа қатысты түйткілді мәсе­лелер тыйылмай тұр. Бұл ба­ғыт­та агрессормен күрес меха­низм­­дерін жүзеге асыратын ор­ган­дар жұмысын жетілдіру уақыт күттірмейді. Өйткені өмір­лік қиын жағдайда қалған бала­лардың тағ­дыры алаңдатады. Ал бірлескен істе әрбір тиісті мекеме өз мінде­ті­не жауапты болуға тиіс.

Осы орайда «Сенімен Бола­шақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің мамандары қоғам болып атсалысатын маңызды мәселелерден шет қал­мауға шақырды.

 

АЛМАТЫ