• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Сәуір, 2022

Доллар бағамы тағы өсті

318 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,10 теңгеге өсіп, 471,13 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, Ұлттық банк 1 сәуірге белгілеген доллардың ресми бағамы - 466,31 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақыта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 471,85 теңге, сатылым - 475,79 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алады, 474,79 теңгеден сатады.