• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Сәуір, 2022

Елордада 16 автобус бағытын өзгертті

467 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше қоғамдық көліктің бағыты өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, жол жабыны қалпына келтірілгенге дейін № 24, 45, 46, 15, 15А, 22А, 14, 5А, 6, 16, 37, 72 бағдардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Сондай-ақ, Қосшы қаласына қатынайтын № 302, 303, 320, 323 бағдар автобустары жолдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін «Лесная поляна» тұрғын үй алабына кірмей Республика көшесімен тура жүреді.

Жол жұмыстарына және айналма жолдың мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығынан зиратқа бұрылуға дейінгі учаскесінің жабылуына байланысты №69 бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылады.