• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2014

Марадона өз қалыңдығын ұрлық жасады деп айыптады

298 рет
көрсетілді

Белгілі Аргентина футболшысы Диего Марадона өз қалыңдығын ұрлық жасады деп айыптады. Бұл туралы Utro.ru хабарлады. Футболшы өзінің қалыңдығы 23 жасар модель Росио Оливаны Араб Әмірліктеріндегі үйін тонады деп айыптап, онымен ажырасуға шешім қабылдады. Ал жас қыз болса тағылған айыпты мойындаудан бас тартып отыр. «Мен ештеңені де ұрлаған жоқпын. Талай адам арамызға түсіп, үнемі бізді бөлуге тырысатын. Енді олардың мақсаты жүзеге асты деп ойлаймын. Ал біздің бір-бірімізге деген махаббатымыз әлі өшпеген», – дейді Р.Олива. 53 жасар футбол жұлдызы осы жылдың 14 ақпанында Р.Оливаға үйленетінін мәлімдеген еді. Одан бірнеше күн өткен соң Д.Марадона қалыңдығын «Манчестер Юнайтед» футбол клубының қақпашысы Давид де Хеадан қызғанып, кенеттен тойдың болмай қалуына себепкер болған көрінеді. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Utro.ru. Фото: AFP.