• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2014

Мектеп оқушысы фейсбуктағы сурет үшін құрбысын пышақтап өлтірді

413 рет
көрсетілді

Мексикалық Элизабет Гутьеррес Facebook  әлеуметтік желісіне жарияланған сурет үшін ең жақын құрбысы Анель Баэзды пышақтап өлтірді. Бұл туралы Utro.ru хабарлады. Жасөспірім бұл әрекетке құрбысының екеуі жалаңаштанып түскен суретін әлеуметтік желіге жариялағаны үшін барған екен. Тергеу амалдарының дерегі бойынша, Э.Гутьеррес А.Баэздың үйіне келіп, жуынатын бөлмеге кіріп кеткен. Біраздан соң ол құрбысының артына таяп келіп, денесіне 65 рет пышақ сұққан. Құрбысын өлтіргеннен кейін Э.Гутьеррес киіміне жұққан қанды жуып, үйден шығып кетеді. Жас қыз өзіне күдік келтірмеу үшін құрбысының жаназасына келіп, оның туыстарына көңіл айтыпты. Сол кезде тәртіп сақшылары Э.Гутьерресті қолға түсіреді. Енді оның сотта кінәсі дәлелденсе, 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мексика заңы бойынша, бұл кәмелетке толмаған жастарға берілетін ең ауыр жаза. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Utro.ru. Фото: Rus.tvnet.lv.