• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2014

Ақпараттар ағыны

263 рет
көрсетілді

● Биылғы эпидемиологиялық кезеңге, оның ішінде кенелерге қарсы күреске рес­публикалық бюджеттен 614 млн.тең­ге бөлінді. Ресми дерекке жүгінсек, елде Hyalomma атты кене түрі кең тараған екен. Ол қауіпті ауруларды тасушы болып саналады. Негізінен бұл кене Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысында кездеседі. ● Елордадан  Қарағанды облысының Көк­пекті ауылы тұрғындарына құны 10 млн. тең­геден асатын гуманитарлық жүк жөнел­тілді. Астана қаласы әкімдігінің дерегіне жү­гін­­сек, азық-түлік пен материалдық тауар­лар­дың жалпы салмағы 20 тоннаны құрайды. ● Алматы қаласында Қазақстан мен Ресей елінің бірлескен «Гем» медициналық зертханасы ашылды. Жаңа зертханада биохимия, гормондар, микробиология, цитоло­гия, онкомаркерлер сынды 1000-нан аса ба­ғыт­қа  диагностика жасау қызметтері көр­се­ті­леді. Мамандардың айтуы бойынша, бұл орта­лық сырқаттың алдын алуға мүмкіндік береді. ● Шығыс Қазақстан облысында «Мейірім» атты қайрымдылық акциясы не­гі­зінде ата-ана қамқорлығынсыз қал­ған 151 жасөспірімге өткен жылы пәтер кіл­ті табыс етілді. Ал келер жылдың соңына дейін осындай санаттағы 260-тан аса бала­ларды баспанамен қамту жоспарланған. Аталмыш қайырымдылық акциясы 3 жылдан бері жалғасын тауып келеді. ● Петропавл қаласында «Саламатты Қазақстан» тақырыбында көрме-жәр­меңке өтті. Онда мүмкіндігі шектеулі бала­лар­дың қолөнер туындылары қойылды. Көр­меге келушілер балғындардың қолынан шыққан дүниелерді сатып алды. ● Батыс Қазақстан облысында 1 ма­мырдан бастап Ұлы Отан соғысы арда­гер­лері коммуналдық төлемдерден босатылады. Қазіргі кезде жергілікті жерде 232 соғыс ардагері есепте тұр. Бұл тұста соғыс жылдарында тұтқында болғандар мен қоршауда қалғандарды қоса есептегенде, барлығы 259 адам жоғарыда аталған мүмкіндікті пайдаланады. ● Атырау облысында келер жылы қуаттылығы 2 мың тоннаға жететін құс фабрикасы іске қосылады. Ал қазірге кезде Жылыой ауданында бір құс фабрикасы жұ­мыс істеп тұр. Осы арқылы жергілікті өңірде тауық еті мен жұмыртқа көлемін ұлғайту көзделіп отыр. BNews.kz, Nur.kz, Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.