• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2014

Кеудесін оққа төсеген аға ұрпақ өкілдерін өнегелі ұрпақтың жүрек жылуына бөлейік

644 рет
көрсетілді

Ұлы Отан соғысы! Адам­зат тарихында дәл осындай сұрапыл болған емес. 30 миллионға жуық адам оққа ұшты, сан мың­да­ған боздақ қыршын кетті. Конц­лагерьлерде жан­түр­ші­герлік азаптан өлгендер мен зор­­лық-зомбылыққа ұшы­ра­ған­дардың жан тәсілімі әлі күнге естілетіндей. Фа­шизм­нің қатыгездігі мен жырт­қыштығы орта­ға­сыр­лық инквизациядан әлдеқайда асып түсті. Адам­заттың жартысын – құл­дық, жартысын жойылып кету қаупі күтіп тұрды. Тір­шіліктің тынысы тарылды. Міне, осындай ақыр­за­маннан жер-жаһанды құт­қарып қалған ерлерді адам­зат­ты азат етушілер де­сек лайықты. Бүгінде сол қа­һар­­­мандардың қатары әб­ден сиреген. Қазақстан Респуб­ли­касында олар – 6300 ғана. Кө­бінің жасы тоқ­­саннан ас­қан. Мәскеуді қор­ғаған, Киев­ті азат еткен, Еура­зия­ға ты­ныш­тығын қай­та­рып бер­ген, Берлинге жеңіс туын тіккен батырлар енді ақса­қалды алдиярлар. Осы ардақты аталарымызды, баршамызға бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған асылдарымызды Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ұла­ғатты елге тән құрметпен қуан­тайық. Оларды қара­ған­­дылықтар секілді ком­му­нал­дық-тұрмыстық төлем­дер­ден біржола босатайық. Суды да, жылуды да, электр қуатын да тегін пайдалансын. Кеудесін оққа төсеген ерлерді өнегелі ұрпақтың жүрек жылуына осылай бөлейік дегім келеді. Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты.