• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 04 Сәуір, 2022

Қайрат Сатыбалдының бақылауындағы компания басшылары қамауға алынды

307 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Сатыбалды, Г. Сатыбалды және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлының бақылауындағы кәсіпорындардың – кірме теміржол желілері (соңғы шақырым) иелерінің ұрлығының қосымша фактілері анықталды.

Аталған тұлғалар Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдің қала құраушы кәсіпорындарына кірме жолдардың қызметтеріне тарифті негізсіз көтеру арқылы көп миллиардтық пайда тапқан. 

Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің бағаларының артуына бағытталған.

Қ. Сатыбалдыұлы бақылауындағы екі компанияның басшылары ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.