• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Сәуір, 2022

Таеквондошы Жансель Дениз әлемдік рейтингте көш бастады

328 рет
көрсетілді

Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз жаңартылған әлемдік рейтингіде көш басына көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл – қазақстандық таэквондо тарихындағы алғашқы жетістік.

«Әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Жансель Дениз 139,81 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынды 107,94 ұпаймен ресейлік Полина Хан иеленді. Үшінші орын 105,60 ұпай алған оңтүстіккореялық Да Бин Лиге бұйырды», деп жазды Sports.kz.

Бұл жеңіске дейін Жансель Денис төртінші орында болатын.

Еске салсақ, ол 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында күміс медаль алып, спорттық мансабында елеулі жетістікке жетті.