• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2014

Айтыскерлер әлемі

1235 рет
көрсетілді

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан айтыс ақындары» атты анықтамалық кітаптың, Дәулеткерей Кәпұлының «Шертолғақ» атты айтыстар жинағы мен Айтбай Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетінің дәуірлеу тарихы» атты ғылыми еңбектің тұсаукесері өтті.  Ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дәулет­керей Кәпұлының «Шер­то­л­ғақ» жинағы – айтыс алаңындағы жемісті де жеңісті жылдарының нәтижелі бір қоры­тындысы екен. Танымал жыр жүйріктерімен сөз сайыстыра топтастырылған бұл туындыдағы ана тіліміздің ғажайып мүмкіндігі мен байлығын паш еткен келісті де көркемсөз кестелері, орынды теңеулер мен сурет-бояулар, қо­ғам­­дағы сан алуан көкейкесті мәселелерге қатысты салмақты пікір, салиқалы ойлар кім-кімді де бейжай қалдырмайды. Айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетінің дәуірлеу тари­хы» монографиясында ұлттық әде­биет­танудағы қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеудің бір ғасырға жуық ғылыми тәжірибелері тал­­­да­нып, дәуірлеудің хроно­ло­гия­лық принциптерінің ғылы­ми және әдіснамалық негіз­дері қарас­тырылыпты. Ал «Қаза­қстан айтыс ақын­дары» атты жинақта рес­пуб­ликаның барлық аймақ­тарындағы айтыс өнеріне еңбек сіңіріп, төл өнеріміз­дің дамуына айтарлықтай үлес қосқан ардагер ақындардан бастап, буы­ны бекіп келе жат­қан жас ай­тыскерлерге дейін мәлі­меттер топ­тастырылыпты. Айтыс­кер­лер­дің қысқаша өмірбаяны мен айтыста ел аузында қалған ұт­қыр ойлы бірер шумақтар да жарияланыпты. Айтыс ақындарының же­те­к­шісі, ақын Жүрсін Ерман жүргіз­ген басқосуда филология ғылымдарының докторлары Мыр­затай Жолдасбеков, Намазалы Омашев, Тұрсын Жұртбаев, жазу­шы Әлібек Асқар және айтыскер ақындар мен ғалымдар тұсауы кесіліп отырған кітаптарға байла­нысты сөз қозғап, жалпы айтыс өнері жөнінде де ой-пікірлерін ортаға салды. Берік САДЫР, «Егемен Қазақстан».