• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Сәуір, 2022

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны азайып келеді – ДДҰ

198 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апта сайынғы эпидемиологиялық бюллетеніне сәйкес әлемде COVID-19 ауруын жұқтыру көрсеткіші екінші апта қатарынан төмендеп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ұйым таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Соңғы аптада инфекция жұқтырғандар саны 16%-ға, ал қайтыс болғандар 43%-ға азайған.  

28 наурыз бен 3 сәуір аралығында коронавируспен ауру әлемнің барлық аймақтарында төмендеді. Бір апта ішінде әлемде 9 миллионнан астам COVID-19 оқиғасы анықталды. 

Бір аптада әлемде COVID-19 инфекциясынан 26 мыңнан астам адам қайтыс болғаны тіркелді.

Айта кетсек, індет басталғаннан бері әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 489 миллионға жуық жағдайы анықталып, соның салдарынан 6 миллионнан астам қайтыс болған.

Соңғы жаңалықтар