Елордада маршруттық автобус жүргізушілері бір күнде 50-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда жолдарында апатты жағдайларды азайту мақсатында, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының алдын алу мақсатында 6 сәуірден бастап қала аумағында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.
Бейнебақылау камералары арқылы маршруттық автобус жүргізушілері 50-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды. Тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін патрульдік нарядтар соңғы аялдамаларға жіберіледі.
Полиция департаменті Нұр-Сұлтан қаласының жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертіп, мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өту кезінде өте мұқият болуды еске салады.