• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №103-Ө

375 рет
көрсетілді

2014 жылғы 18 наурыз Астана қаласы 2014 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қау­лысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атау­лы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы 2 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2014 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 675-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 9041 тіркелген және 2014 жылғы 9 қаңтардағы «Казахстанская правда» № 4 (27625), 2014 жылғы 9 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» № 4 (28228) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Әлеуметтік көмек департаменті: 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республи­касы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын; 2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Министр     Т.ДҮЙСЕНОВА. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 28 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9283 болып енгізілді.