• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Сәуір, 2014

Брюссельде ереуілге шыққандар полициямен қақтағысты

274 рет
көрсетілді

Кеше, 4 сәуір күні Бельгияның астанасы – Брюссель қаласында ереуілге шыққандар полициямен қақтағысты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Тәртіп сақшыларымен жаға ұстасуда манифестанттар арасында зардап шеккендер саны 27-ге жетті. RTBF телеарнасының хабарлауынша, кәсіподақтар ұйымдастырған демонстрацияға қатысушылар Еуропа одағы қабылдап жатқан «қатаң үнем» шараларына қарсылық білдіру мақсатында көшеге шыққан. Телеарна «дәрігерлердің мәліметінше, сегіз адамның ауруханаға жатқызылғанын, алайда, олардың өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқтығын, тағы 16 қатысушының оқиға орнында қамауға алынғанын» атап өтті. Полициядағылар «қақтығыстың нәтижесінде құқық қорғау органдары үш қызметкерлерінің жарақат алып қалғанын» мәлімдеді. Тәртіпсіздіктер Еуроодақ институты орналасқан орамда басталды. Ереуілге шыққандар полиция қызметкерлеріне апельсиндер мен басқа да заттар лақтырды. Бұған тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газбен және сумен жауап берді. Акцияға қатысушылар «Еуропаның қатаң үнемсіз жаңа жолы» үшін дауыс көтеріп, «ұзақ уақыт дамуды қамтамасыз ететін қуатты инвестиция» әкелінуін, жұмыс орындарына жоғары білікті мамандарды алуды талап етті. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, шараға 50 мыңға жуық адам қатысқан. Ал полиция бұлардың санын 25 мыңнан асырып отырған жоқ. Манифест салдарынан қаланың көптеген орталық көшелері жабылып қалды. Нәтижесінде алты сағат бойы көліктердің жүрісі тоқтап тұрды. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: ИТАР-ТАСС. Фото: ИТАР-ТАСС.