Ауғанстанда 48 жасар Германия азаматы Аня Нидрингхаус оққа ұшты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
А.Нидрингхаус «Associated Press» агенттігінде қызмет атқарған. Оқиға кезінде онымен бірге агенттіктің Пәкстандағы тілшісі 60 жастағы Кэти Ганнон да болған.Ол жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Бұл оқиға Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Хост провинциясында орын алды. Ақпарат агенттігінің қызметкерлері мұнда президент сайлауына дайындық барысын көруге келген екен. Фотограф пен тілші ауған әскері мен полициясының қорғауында болған автокөлікте кетіп бара жақтан сәтінде, оларға полицейдің киімін киген бір ер азамат оқ атқан. Дегенмен, полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталуда.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Lenta.ru.
Фото: Aif.ru.