• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Сәуір, 2022

Қор нарығында доллар тағы 11 теңгеге арзандады

248 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасын (KASE) 15.30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 11,13 теңгеге төмендеп, 446,89 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 72,28 теңге (-0,16) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 499,76 теңге, ресей рублін 6,02 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 447-454 теңгеден, еуро 487-494 теңгеден, рубль – 5,4-5,8 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.