2019-2021 жылдары жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ауыл шаруашылығында мақсатсыз пайдаланылған 8,1 млн га жер анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, анықталған бос жердің 6,8 млн гектары жайылымдық аймаққа жатады.
2021 жылы министрлік жалпы аумағы 1,3 млн га болатын жайылым мен егістік жерін анықтаған.
«Осыған байланысты биыл ауыл шаруашылығы министрлігі бұл жұмыстың қарқынын арттыруды жоспарлап отыр. Ведомство жыл соңына дейін ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын тағы 5 млн га жерді анықтамақ, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп», деп жазылған хабарламада.