• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2014

Атыраудағы «АтырауАгроСервис» серіктестігінің былығы әшкереленді

279 рет
көрсетілді

Атырау облысындағы «АтырауАгроСервис» ЖШС сақтандыру қорындағы ауыл шаруашылығы тауарларын жоғары бағамен сатқаны анықталды. Бұл туралы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті хабарлады. Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесе  «АтырауАгроСервис» ЖШС-не тексеру жүргізгенде, сақтандыру қорындағы ауыл шаруашылығы тауарларын заңсыз жоғарылатылған бағамен сату фактісін анықтады. Осыған орай «АтырауАгроСервис» ЖШС директорына Қылмыстық кодекстің 307-бабындағы 1-бөлімімен (қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану) қылмыстық іс қозғалды. Есе сала кетейік,  «АтырауАгроСервис» ЖШС Атырау облысының сақтандыру қорындағы ауыл шаруашылығы тауарларын тұтынушыларға тікелей ұсынатын бірден-бір оператор болып саналады. Жолдасбек Шөпеғұл. Атырау облысы. Дереккөз: Облыстық департамент. Фото: www. Uvit2012.ning.com.