Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласынан елордаға бағыт алған «СКАТ» әуекомпаниясына тиесілі «Боинг-737» ұшағы апатты жағдайда Астана әуежайына қонды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
«Шымкент-Астана» бағытына қатынайтын «Боинг-737» ұшағы елордаға таңғы сағат 9: 25-те қонуы тиіс болатын. Алайда, техникалық ақауға байланысты 1 сағат 23 минөтке кешігіп қонды. Осыған байланысты, 2 сағатқа жуық әуежай өзге ұшақтарды қабылдаған жоқ.
Апатты жағдайда қонған ұшақтың бортында 5 экипаж мүшесі мен 89 жолаушы болған. Абырой болғанда, барлығы дін аман. Қазір осы іске қатысты тергеу басталып кетті.
«Службы аэропорта были приведены в готовность. Посадочную полосу покрыли пеной для предотвращения пожара. После получения сообщения о чрезвычайной ситуации в аэропорт прибыли семь единиц пожарной техники и пять машин «скорой помощи»,-дейді «Астана» халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг бөлімінің бастығы Людмила Копейчук.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Астана» телеарнасы.
Фото: «Астана» телеарнасы.