Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияны 16 жұқтырғаны анықталды. Сондай-ақ аталмыш дерттен 15 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.
Комиссия мәліметтеріне қарағанда, 2020 жылдың 13 наурызынан бері Қазақстанда коронавирус пневмониясын жұқтырғандар саны 88765 адамды құрап, 5353 адам қайтыс болғаны анықталды. Ал жазылып шыққандар саны 82399-ға жетті.