• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2014

Ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

265 рет
көрсетілді

Бүгін, 7 сәуір күні Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев «Агробизнес 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл жиынға министрліктің Экономикалық интеграция департаментінің директоры Айна Біржанова мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы Иван Сауэр қатысты. Жауапты хатшының сөзіне қарағанда, соңғы он жылда еліміздің ауыл шаруашылығы айтарлықтай дамыған.  Қазіргі уақытта ел тұрғындарын негізгі азық-түлік түрлерімен қамтамасыз ету қанағаттанарлық. Егер салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2011-2013 жылдары ішкі тұтынудағы отандық өндірістің нарықтағы үлесі 80 пайызды құрап отыр. Мысалы, өңделген күріш, ас қызылшасы, бидай ұны, нан секілді азық-түлік түрлерімен ел тұрғындарын қамтамасыз ету 100 пайыздан да асып жығылатын көрінеді. Саладағы жетістіктерді тізбелеген жауапты хатшы артта қалған он жылға да ой жіберді. «Егер 2001 жылы біз шамамен 480 млрд. теңгенің өнімін өндірсек, 2013 жылы бұл көрсеткіш 2,5 трлн. теңгені құрады. Сөйтіп, 12 жылда 5 есе өсімге қол жеткіздік. Осыдан саланың инвестициялық тартымдылығы еселеп артып келе жатқаны аңғарылады»,- дейді А.Евниев. Нұрбай Елмұратов. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: www. Thenews.kz.