• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Сәуір, 2014

Террорлық мақсатта шет аспақшы болған отбасы сотты болды

304 рет
көрсетілді

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Құлсары қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Б. мен Н.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 233-1 бабының 1 тармағымен (Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату) сот үкімі шықты.Бұл туралы облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев хабарлады. «Ерлі-зайыптылар Б. мен Н. өздерінің туысы болып келетін Е.-нің ықпалымен халықаралық террористік әрекеттер жасау мақсатында шет елге өтіп кетуге дайындалған. Ел аумағынан шығу үшін өздерімен бірге кәмелетке толмаған 4-тен 14 жасқа дейінгі алты баласының құжаттарын көші-қон полициясы арқылы рәсімдеген», — делінген хабарламада. Сотта ерлі-зайыптылардың кінәлары толық дәлелденді. Балалардың әкесіне 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жұбайы да аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеуді балаларының үлкені кәмелетке толғанға дейін, яғни 5 жылға  кейінге қалдырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Фото: www. Inosmi.ru.