• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2022

Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу – бірлікті талап ететін басты міндет

687 рет
көрсетілді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық сын-тегеуріндер мен ішкі саяси үрдістерді ескере отырып, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында елордада Ұлттық әскери-патриоттық орталықта конференция өтті.

Іс-шараға Президент Әкім­шілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева, Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қол­басшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева және бір топ мәдениет қайраткерлері қатысты.

«Бір қарағанда, бұл алаң­да әртүрлі бағыттағы өкіл­дер алғаш рет кездесіп отыр­ған сияқты. Алайда оларды бі­ріктіретін үлкен ортақ құн­­дылық бар. Ол – руханият пен идеология, – деп атап өтті конференцияның ашы­­л­уында Аида Балаева. – Әс­ке­ри және шығармашылық пен мәдени, ғылыми қоғам үшін бұл ұғымдар әрқашан ерек­ше. Өйткені жастарды руха­ни-адамгершілік жә­не пат­риот­тық тұрғыда тәр­бие­леу – бә­рі­мізден бірлік пен ын­ты­мақты талап ететін басты міндет».

«Балалардың бойына пат­риоттық рух беретін қасиетті дарытып тәрбиелеудегі әс­кер­дің рөлі, бала күнінен Отан қорғаушы болуға деген ұмтылысы маңыздылығын жоғалтқан емес» дейді Аида Балаева. Өйткені армияның жауынгерлік рухы, оның жауын­герлік қабілеті патрио­тизм­ге, сарбаздар мен офи­цер­­лердің халықтың игілігі үшін атқаратын ұлы миссияға де­ген шынайы сеніміне бай­ла­нысты. Бұл тұрғыда әске­ри-патриоттық тәрбиенің маңызы зор.

Қорғаныс ведомствосының басшысы қазіргі дәуір шындығы жастар мен әскери қызметшілерді тәрбиелеу нысандарын жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Бұл бағытта оларды мәдениет пен өнерге баулу аса маңызды.

«Енді бір айдан кейін біздің Қарулы Күштердің құрыл­ғанына 30 жыл толады. Бұл – Қарулы Күштердің барлық жауынгерлері, соның ішінде барлық қазақстандық ла­йықты атап өтуге тиіс айтулы мереке. Әскери қызметтің тәуе­келден тұратынын бәрі­ңіз де білесіздер. Егер техни­каның, қару-жарақтың, өте­тін оқу-жаттығулардың, атыс­тардың, авиация ұшуларының көптеген бөлігін алып тастасақ та, жас, дені сау жігіттеріміздің шектеулі кеңістікте ұзақ уақыт бірге болуы тәуекел екені түсінікті», деді генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов.

Қорғаныс министрінің айтуынша, Мемлекет бас­шы­сының  «Жаңа Қазақстан» идеясы аясында қойған міндеттерін ескере отырып, армия жеке тұлғаны қалыптастыруға, жас­тарды тәрбиелеуге, әске­ри-патриоттық клубтар құ­руға және оларды одан әрі да­мытуға, үйірме жұмыстарын ашуға, шығармашылық іс-ша­ра­ларға белсене қатыса оты­­рып, патриоттық сезімді қа­лып­­тастыруға атсалысуға тиіс. Со­нымен бірге патриотизмге бүкіл азаматтық қоғам тәр­бие­леуі керек, өйткені әс­кер­ге жас­тар дүниетанымы қа­лып­­тас­қан тұлға ретінде келеді.

Қорғаныс министрі бү­гін­гі таңда әскерлерде мәде­ни-демалыс жұмыстарын айтар­лықтай күшейту қажеттігі туын­дап отырғанын атап өтті.

«Егер осындағы режиссерлер, театр, кино, теледи­дар қызметкерлері білімі мен талантын жұртқа танытып жүрген кісілердің бәрі тәжіри­белерін бөлісіп, осы жұмыс­ты ұйым­дастыруға және жүр­гізуге қол ұшын берсе, пайда­сын тигізер болар еді», деді Р.Жақ­­сылықов.

Конференцияға қатысу­шылар Қарулы Күштерде театр өнерін, бейнелеу және әдеби шығармашылықты, хорео­графиялық дайындықты және мәдениеттің басқа да ба­ғыттарын дамыту мәселелерін талқылады. Бұл үшін Ұлт­тық әскери-патриоттық орта­лықтың материалдық және шығармашылық базасы негіз болуға керек.

Қазақстанның Қарулы Күш­терінде тәрбие және идео­логиялық жұмыстары органдары, құрамына Қорғаныс министр­лігінің Орталық ансам­­блі, Орталық әскери оркес­­трі және Мемлекеттік әске­­ри-тарихи мұражайы бар Ұлт­­тық әскери-патриоттық орта­­лық құрылып, жұмыс істеп жат­қанын атап өткен жөн. Әске­ри-патриоттық тәр­бие бағы­тында олар ауқымды жұмыс­тар атқарып келеді.

Жиынға қаты­сушы­лар Қор­­ғаныс министрлігінің бас­та­ма­ларын қолдап, оларды жү­зе­ге асыруға барынша жәр­дем­­десуге дайын екенін жет­кізді.

Кездесу қорытындысында жастарды әскери-патриоттық тәр­биелеу, әскери қызмет­ші­лердің мәдени және шығар­ма­шылық әлеуетін арттыру мәселелері бойынша бірлес­кен іс-шаралар жоспары әзір­ленеді.