• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Сәуір, 2022

АШМ азық-түлік қымбаттамауы үшін не істейді?

295 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдағы кезеңде баға айтарлықтай өспейді. Біздің тарапымыздан бағаны тұрақтандыру үшін мемлекет пен Үкімет тарапынан тұрақтандыру қорларына әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қажетті көлемін сатып алу, тауар интервенциялары, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» резервтерінен арзандатылған бидайды сату сияқты бірқатар шаралар қабылдануда. Осыған байланысты АШМ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, оның ішінде ұн мен нан бағасының өсуі күтілмейтінін атап өткім келеді», деді ҚР АШМ Агроазық-түлік нарығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова.