• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2022

Атырауда қоғамдық көлік қозғалысы уақытша өзгереді

578 рет
көрсетілді

Атырауда орталық көпірдің жабылуына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шаһардағы қоғамдық көлік қозғалысының уақытша өзгеретінін мәлімдеді.    Атап айтқанда,  № 3,4,7,12,14,15,20,21 бағыттар бойынша қозғалыс реті мынадай: «Абай» аялдамасынан «Пушкин» көшесінің бойымен «Бейбарыс» даңғылының бойындағы көпір арқылы, № 1 бағыт «Абай» аялдамасынан «Молдағұлова» көшесінің бойымен «Бейбарыс» даңғылының бойындағы көпір арқылы қозғалады. Ал №30 бағыттағы маршруттық автобустың қозғалысы «Жеңіс саябағынан»-«Авангард-Жилгородок» көпірі арқылы «Ақжайық» айналма жолына дейін жүзеге асырылады.   Қалған бағыттағы қоғамдық көліктер өзгеріссіз қалады.    №3 маршрут «Аламан базары-Атырау м.а.-Дина базары» №4 маршрут «Нурсая м.а.- Дина базары» №7 маршрут «Лесхоз-Авангард м.а.-Химпоселок-Темір жол вокзалы» №12 маршрут «Авангард м.а.-Балыкшы» №14 маршрут «Авангард м.а.-Темір жол вокзалы»  №15 маршрут «Саркамыс м.а.-Темір жол вокзалы-Береке м.а.» №20 маршрут «Аламан базары-Атырау м.а.-Балыкшы» №21 маршрут «СМП-163 –Жерұйық м.а.» №30 маршрут «Жеңіс саябағы-Тұрғын үй қалашығы».