• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Сәуір, 2022

Дзюдошы Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте үш саты жоғарылады

164 рет
көрсетілді

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық дзюдошылар ішінде Жансай Смағұлов жоғары орында орналасқан. Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 10-шы орыннан 7-ші орынға көтерілген. Қазіргі таңда Жансайдың еншісінде 2698 ұпай бар. 

Айта кетейік, Анталия татамиінде 73 келіде белдескен ол жарысты бесінші орында аяқтаған болатын. 

Аяна Тоғанбек