• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Теннис 13 Сәуір, 2022

Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионатының финалына шықты

192 рет
көрсетілді

Үндістанның Нью-Дели қаласында теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Davis Cup кубогы (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Бірінші ойында Әмір Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.

Тартысты өрбіген екінші матчта Данир Қалдыбеков те үмітті ақтады – 2:6, 6:2, 6:3.

Үшінші ойында Ә.Омарханов пен Виталий Зацепин ұтылып қалды.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең қазақстандықтар D тобындағы соңғы матчын Таиландпен өткізеді.

Ширек финал жеребесі 13 сәуір күні кешкісін тартылады.

Аяна Тоғанбек