• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2022

Нұр-Сұлтанда мектеп құрылысына 17 млрд теңге бөлінді

203 рет
көрсетілді

Елордалық құрылыс басқармасы 20 мектепті жобалауға 12 млн теңге сұрап отыр. Бұл туралы мәслихат отырысы барысында ведомство басшысы Арсен Жанғасканов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мектеп құрылысына биыл 16,9 млрд теңге бөлінді. 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр, 5 мектептің жобасын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жобалаудың басында 20 мектепке қолдау көрсетіп, 12 млн теңге бөлуді сұраймыз. Исатай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы мектептің құрылысын атап өткім келеді. Жер учаскесі бөлінген. Биыл жобалауды аяқтап, келесі жылы мектеп құрылысын бастағымыз келеді», деді мәслихат отырысында Арсен Жанғасканов.

Оның айтуынша, мәдениет нысандарын дамытуға 388 млн теңге бөлінген. Басқарма басшысы мәслихат депутаттарынан «Бозоқ» ұлттық паркін жобалауды аяқтауға қосымша 46 млн теңге бөлуді сұрады.

Аяна Тоғанбек