Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Балуандар Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» орталығында шеберліктерін шыңдауда. Грек-рим күресі шеберлерінің оқу-жаттығу жиындары 16 сәуірге дейін жалғасады.
Айта кетейік, Азия чемпионатына Қазақстан сапынан 10 балуан қатысады.
Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар:
55 келі: Аманғали Бекболатов
60 келі: Ернұр Фидахметов
63 келі: Мирамбек Айнағұлов
67 келі: Мейіржан Шермахамбет
72 келі: Абылайхан Әмзеев
77 келі: Мақсат Ережепов
82 келі: Диас Кален
87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов
97 келі: Санжар Серікқан
130 кг: Әлімхан Сыздықов
Аяна Тоғанбек