• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ғылым 15 Сәуір, 2022

NASA-ның білім грантын жеңіп алды

387 рет
көрсетілді

Қазақстандық оқушы атақты NASA-ның білім грантын жеңіп алды. Қағілез қыз Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде оқиды.

NASA (National Aeronautics and Space Administration) – аэронавтика және ғарышқа ұшу саласында зерттеулер жасау үшін 1958 жылы құрылған АҚШ үкіметінің агенттігі. Осы ұйымның грантын иеленген Ярослава Кравчук АҚШ-та білім алуға құқылы.

Ол кометалар мен астероид­тар топы­рағынан сутегі отынын алу үшін Kanysh шағын ғарыш кемесінің үлгісін жасаған. Осы өнертабысын Кравчук сұхбат ке­зінде алдымен NASA өкіл­дері­не көрсетіпті. Кейін жаңа­лы­ғын «XXII Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конферен­ция­сында таныстырды. Енді ол жыл сайын FISE ғарыш­тық білім беру халықаралық қоры ұйым­­дастыратын NASA United Space School-ға Қазақстан атынан қатысады.

«Кішкентай кезімнен ғарышқа әуестеніп, 4-сыныптан бастап түр­лі ғарыш аппараттарын құрас­ты­ра бастадым. Ұшақ жасау идея­сы оқу жылы­ның басында ойыма келді. Жобаны жүзеге асыруға зымыран ғылымы бо­йынша жаттықтырушы Евгений Бовсуновский, информатика және роботтехника пәнінің мұға­лімі Руслан Смайылов және Аст­роклуб жетекшісі Гүлнар Бау­­бекова көмектесті. Жоба­ны әзір­леуге көмектескен мұғалім­деріме алғыс айтамын. Халық­ара­лық ғарыш мектебінде оқу – менің арманым. Бұған дейін мен қазақстандық жастардың сол жобаға қалай өткенін көрдім. Сондықтан мен де қатысып көру­ге шешім қабылдадым және бұл менің қолымнан келді», дейді Я.Кравчук.

Дарынды оқушы осы жазда Хьюстон университеті мен NASA ғарыш орталығына барады. Қазірдің өзінде ол NASA-дан негізгі бағдарламаға дайындық ре­тінде тапсырмалар алып жатыр. Ол өзінің болашағын ғарышпен байланыстырып, сүйік­ті ісімен айналысуды жоспарлап отыр.